Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанжалды өршітіп, тұрғындарға зиянын тигізді": Әкім Пенжімдегі оқиғаға қатысты үндеу жасады

Опубликовано:

Пенжім тұрғындары
Фото: Панфилов ауданының әкімдігі

Бүгін Алматы облысы Пенжім ауылында билік пен тұрғындар арасында кездесу өтіп, онда 27 қазан күні болған жаппай төбелес оқиғасы талқыланды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, Панфилов аудандық полиция бөлімінің бастығы Жандос Кавлиев және Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев тұрғындармен кездесті.

Жиынға, сондай-ақ, қоғам қайраткерлері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де келді. Талқыланған басты мәселе - 27 қазанда Пенжім ауылында болған жастардың жаппай төбелесі.

"Өзім де түні бойы осында болдым. Жастардың жауапсыз әрекетін көрдім. Олар мектепте болған жанжалды өршітіп, тұрғындарға зиянын тигізді. Мен ақсақалдар мен жергілікті тұрғындарды балаларды бір-бірін сыйлауға үйретуге шақырғым келеді. Сіздер осында жылдар бойы тұрып келесіздер. Бір-бірлеріңізге көрші, дос, әріптес, құда болып келесіздер. Қуанышқа да, қайғыға да ортақсыздар. Осы құндылықтардың барлығын балаларыңызға сіңіру керексіздер", - дейді Панфилов ауданының әкімі Талғат Өміралиев.

Панфилов ауданы
Фото: Панфилов ауданының әкімдігі

Ауыл тұрғындары да бір-бірін сыйлауға шақырды.

"Жастар - елдің болашағы. Олардың тәрбиесіне атсалысуымыз керек. Біз бұл жерде әрқашан тату-тәтті өмір сүрдік. Бірақ мұндай жағдайлар бізді бүкіл елге жаман қырынан көрсетеді. Бұл ұлтаралық жанжал емес, қарапайым бұзақылық. Осының бәрін арам пиғылды адамдар пайдаланып жүр. Тіпті, кездейсоқ өрт кешегі оқиғаның салдары сияқты көрсетілді. Бірақ олай емес екенін бәріңіз білесіздер. Бір-біріңізді құрметтеңіздер. Біз бір жер, бір елде тұратын үлкен отбасымыз", - дейді Пенжім ауылының тұрғыны Аутжан Хамраев.

Панфилов облыстық полиция басқармасының бастығы Жандос Кавлиевтің айтуынша, жаппай төбелес мектеп оқушыларының сөзге келуі салдарынан туындаған.

"Кейбір адамдар жағдайдың мәнін түсінбей, ауылда бұзақылық жасап, соңы осындай дүрбелеңге ұласты", - дейді ол.

Айта кетейік, 27 қазан күні Алматы облысы Пенжім ауылында 9 және 10-сынып оқушыларының арасында жаппай төбелес болды.

Салдарынан 16 жастағы жеткіншек зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Кейін бұл жайттан тағы бір ер адамның да зардап шеккені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939477-zanzaldy-orsitip-turgyndarga-ziyanyn-tigizdi-akim-penzimdegi-oqigaga-qatysty-undeu-zasady/

pixel