Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс: Ақтау үкімінің күші жойылды

Опубликовано:

Томирис Байсафа
Томирис Байсафа. Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna

Сот Мәскеуде қаза болған қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша Муртузали Меджидовке қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.

Мәскеу қалалық соты жәбірленушілер мен мемлекеттік айыптаушылардың шағымын қанағаттандырып, алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды, деп жазады ТАСС.

Бұл туралы тілшілерге айыпталушы Муртузали Меджидовтің адвокаты Шамиль Яндарбаев хабарлаған.

"Мәскеу қалалық сотының сегізінші құрамы жәбірленушілердің апелляциялық шағымын және менің қорғауымдағы адамға қатысты үкімнің күшін жою туралы прокуратураның шағымын қанағаттандырды", – дейді ол.

Сонымен қатар, адвокат Меджидовке қатысты қайтадан қандай бұлтартпау шарасы қолданылатынын әзірге белгісіз екенін атап өтті. Себебі бейсенбі күні өткен апелляциялық инстанцияда бұл мәселе қаралмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Томирис Байсафаның өліміне қатысыт істе күдікті деп танылған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ақталып шыққан болатын. Алқабилер оны кінәлі емес деген үкім шығарды.

Дегенмен Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова қызының өліміне қатысты сот процесінде заңбұзушылықтар болғанын, апелляциялық шағым түсіруге ниетті екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939498-tomiris-baisafanyn-olimine-qatysty-is-aqtau-ukiminin-kusi-zoiyldy/