Индонезия президенті бай елдерді коронавирусқа қарсы вакцинаны кедей елдермен бөлісуге шақырды
Опубликовано:

Индонезия президенті әлем елдерін COVID-19 вакцинсын әділ таратуға шақырды деп хабарлайды Би-би-си.
Джоко Видодо бай елдердің коронавирусқа қарсы жеткілікті дәрі-дәрмек алып, ал кедей мемлекеттердің бұл тұрғыда артта қалуы әділ емес деп санайды.
Индонезия – коронавирустан ең көп зардап шеккен елдердің бірі. Пандемия басталғалы бері мұнда төрт миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған және 143 мың адам қайтыс болған.
Келесі аптада Видодо басқа елдің көшбасшыларымен бірге Cop26 саммитіне қатысады.
"Барлығы көмектесті, бірақ менің ойымша, бұл жеткіліксіз. Дағдарыс кезінде пандемияны бірге жеңуіміз үшін кедей елдерге вакцина алуға көмектесуде дамыған елдер көбірек күш жұмсауы қажет", – дейді Джоко Видодо.
Индонезия президентінің айтуынша, елде вакцинация деңгейі жоғары. Бірақ қазір ауыл-аймақтағыларға екпе егу қиындық туғызып тұр, себебі ондағы елді мекендерге жетудің өзі үлкен проблема болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939518-indoneziya-prezidenti-bai-elderdi-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-kedei-eldermen-bolisuge-saqyrdy/