Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі баласын қамап қойған": Елорда маңында 30 жастағы әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Опубликовано:

Жоғалып кеткен келіншек Сандуғаш
Жоғалып кеткен келіншек Сандуғаш: Instagram

Елорда маңындағы Қосшы ауылының тұрғыны, төрт балалы ана Сандуғаш Бекішова он күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жоғалған әйелдің туыстары журналистен көмек сұрап, хат жолдаған.

«Төрт баланың анасын, Астана маңындағы Қосшы ауылының тұрғыны Сандуғаш Бекішова 2 баланы қамап, үйде шығып кеткен. Содан бері ұшты-күйлі жоқ. Құжаттары мен ұялы телефоны үйде қалған. Күйеуі кешке жұмыстан келгенде жылап-жылап шегі қатқан 4 жасар және 10 айлық баласының үстінен түседі. Сандуғаштан содан бергі 8 күнде ләм-мим хабар жоқ.
30 жастағы келіншек оңтүстіктің тумасы, Созақтың қызы. Күйеуі құрылыста, өзі балалармен үйде отыр. Төрт баланың мектеп жасындағы екеуі нағашылардың қолында оқиды. Кішкентай екеуін қарап үйде отырған, қоқ-соқпен жұмысы жоқ әйел қайда кетеді?
Полицияға арыз берілді, хабар жоқ! Жақындары алаңдап, күйеуі күтіп, балалары жылап, аяқ астынан әбігерге түскен отбасыны мүмкін менің оқырмандарым қуантар?
Фотодағы Сандуғашты көрген-білген, таныған жан болса осында хабарласыңыздар.
Өз басым басына ақ жаулық таққан әйелді жамандыққа қимаймын…», - деп жазды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939598-eki-balasyn-qamap-qoigan-elorda-manynda-30-zastagy-aiel-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketti/

pixel