Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық оқушылар күзде неше күн демалады

Опубликовано:

білім ордасы
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Еліміздің мектептерінде бірінші тоқсан осы аптаның соңында аяқталады. Күзгі демалыс 1 қарашада басталмақ.

Білім және ғылым министрлігі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында күзгі қаникул кезінде оқушылар 1-7 қараша аралығында 7 күн демалатынын жеткізді.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, демалыс басталар алдында мектептерде БЖБ және ТЖБ өткізіледі, содан кейін тоқсанға қорытынды баға қойылады.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында 30 пайыз мектеп бір ауысымда оқуға ауысқан.

Білім мекемелерінің 68 пайызында оқыту екі ауысымда жүргізіледі, ал мектептердің қалған 2%-інде оқу процесі үш ауысымда ұйымдастырылған.

2021-2022 оқу жылындағы демалыс күндер

Білім министрлігі 2021-2022 оқу жылына арналған оқу уақытын бекітті:

  • 2021-2022 оқу жылы 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;
  • оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі демалыс күндері:

  • 1-11 (12) сыныптар күзде 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы),
  • қыста 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін),
  • көктемде 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы) демалады.
  • 1-сыныптар үшін қосымша 7 демалыс күн берілген, ол 2022 жылдың 7-13 ақпанына тура келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939615-qazaqstandyq-oqusylar-kuzde-nese-kun-demalady/

pixel