RU

Ақтөбелік әйел көлік ішінен ұлы мен оның қызының мәйітін тауып алды

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақтөбеде көлік қозғалтқышын қосып қойып, өздері ұйықтап кеткен қыз бен жігіт газға уланып қайтыс болды. Бұл туралы "Диапазон" газеті хабарлайды.

Сенімді дереккөздің басылымға берген ақпаратына сүйенсек, қайғылы жағдай қазан айының басында, күн суыта бастағанда орын алған.

30 жастағы қыз бен жігіт гаражда тұрған көлікте отырып, жылынбақ болып, қозғалтқышты қосып қойған. Жас жұп сол күйінше ұйықтап кеткен. Келесі күні олардың денесін жігіттің анасы тауып алыпты.

Облыстық ІІД қыз бен жігіттің газдың иісінен уланып қалғанын растады. Айта кету керек, марқұм келіншектің артында кішкентай баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939630-aqtobelik-aiel-kolik-isinen-uly-men-onyn-qyzynyn-maiitin-tauyp-aldy/