Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың өлімі: сотталушы алқабилер сотынан бас тартты

Опубликовано:

Аяжан Еділова111
Фото: Алматы телеарнасы

Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деп айыпталған ер адам іс бойынша алдын ала тыңдауда алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның хабарлағандай, басты сот талқылауы 9 қарашада сағат 10.00-ге белгіленген. Процесс жабық режимде өтеді.

"Алдын ала тыңдауда сотталушы алқабилер сотының істі қарау құқығынан бас тартты. Істі судья жеке-дара қарайды",-деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, 19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда Алматыда жоғалып кеткен еді. Оны іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылды.

Кейінірек, қалалық полиция департаменті бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ, құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын мәлім етті.

Одан бөлек, полиция тұтқындау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты. Дәрігерлер оны құтқарып қалған.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939645-ayazan-edilovanyn-olimi-sottalusy-alqabiler-sotynan-bas-tartty/

pixel