Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 5G қашан енгізіледі: министр жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G технологиясымен қамту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын cөз етті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, ұлттық жобаның міндеттерінің бір– халықтың жайлы өмір сүруі үшін жоғары сапалы әлеуметтік қызметтерді көрсету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық құралдармен толықтай қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, министр ұлттық жобаның "Ғылым" блогы бойынша бағыттар ғылыми қауымдастықпен және бизнес өкілдерімен кеңінен талқыланғанын жеткізді.

Ұлттық жобаның "Ғылым" блогы бойынша жалпы қаржыландыру – 891,4 млрд тг.

Бағдат Мусиннің айтуынша, Республикалық бюджеттен - 832,9 млрд теңге қарастырылған, болжанған жеке инвестициялар көлемі – 58,5 млрд теңге.

"Аталған бағыт бойынша интернетпен және ақпараттық қауіпсіздікпен қалалар 10 МБ/с, ауылдар - 5 МБ/с интернет жылдамдығымен қолжетімді болмақ. 2025 жылға қарай елордада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыстарда 5G технологиясы енгізілетін болады. Сонымен қатар орталықтар және халқы аз шалғай орналасқан 617 ауыл төмен орбиталық спутниктік жүйелер арқылы интернетпен қамтылады", -деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939654-qazaqstanda-5g-qasan-engiziledi-ministr-zauap-berdi/

pixel