Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада із-түзсіз жоғалған 32 жастағы келіншек елордадан табылды

Опубликовано:

Жоғалған келіншек
Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері Біржан сал ауданының жоғалғанын тұрғынын тапты, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.

Ол елордада туыстарының үйінде болған. Біржан сал ауданының тұрғыны үйден кету себебін түсіндіруден бас тартты.

Айта кетейік, 27 қазан күні сағат 19:49-да Біржан сал аудандық полициясына Үлгі ауылының 35 жастағы тұрғыны хабарласып, 32 жастағы әйелі Динара Рахымованың жоғалып кеткенін айтқан еді.

Ол жұбайы күндіз үйден шығып, қайта оралмағанын хабарлады. Полицейлер хабар ала салысымен іздеу жұмыстарын бастады.

Тәртіп сақшылары қаңырап бос тұрған ғимараттарды, маңайдағы басқа да құрылыс нысандарын қарап шықты.

Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексерілді. Нәтижесінде Динара Рахымованың сағат 16:20-да Степняк-Щучинск тас жолына шығып, Щучинск қаласына бағыт алғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939660-aqmolada-iz-tuzsiz-zogalgan-32-zastagy-kelinsek-elordadan-tabyldy/

pixel