RU

ДДСҰ: COVID-19 пандемиясы таяуда аяқталмайды

ПТР тестілеу
Көрнекі фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру және өлім саны соңғы екі айда алғаш рет тағы артып, пандемияның аяқталудан алыс екенін көрсетіп отыр. Бұл туралы Женевада өткен брифинг кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйым басшысының айтуынша, пандемияның беті қайтпауына негізінен онымен күрес құралдарына қолжетімділік әркелкі болғаны себепші болып отыр. Бұл мұқтаждық үшін ДДСҰ-ға 23 млрд доллардан астам қаражат қажет.

"Бүгінде біз COVID-19 вирусымен күрес жүргізуді жоспарлау үшін жаңа бюджетті жариялап отырмыз. Елдерге вируспен күрес жүргізу жолында үлкен мақсаттарға қол жеткізіп, қажетті құралдар ұсыну үшін алдағы 12 айда 23,4 миллиард доллар қаражат керек.

Бұл бастаманы толық қаржыландыру – ДДСҰ стратегиясының, даярлық және елеу жоспарының, пандемияны бақылауға алу бойынша бәрін қамтитын жоспарымыздың маңызды бөлігі", - деп атап өтті Т.Гебрейесус.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939678-ddsu-covid-19-pandemiyasy-tayauda-ayaqtalmaidy/