Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Опубликовано:

Көшедегі адам
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елордада оқшаулау режимін бұзғаны үшін тағы 10 тұрғынға қатысты 87 510 тг (30 АЕК) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын хаттама толтырылды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда COVID-19 бойынша "қызыл" және "сары" статусы бар адамдар үй карантинін бұзуды жалғастыруда.

Үй карантиніндегі адамдар, ең алдымен, өз айналасындағы адамдар үшін жұқтыру көзі болып саналатынын есте ұстауы керек. Егер адам ауруды жеңіл түрде өткізсе, бұл оған қала ішінде емін-еркін жүруіне мүмкіндік береді, ол адамнан жұқтырғандар аурухана төсегінен шығуы мүмкін. Тіпті арты өлімге әкелуі мүмкін.

Мәселен, Нұр-Сұлтанда өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін тағы 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар:

1. Исаева Э.К. 2. Байдеш А. К. 3. Рахимова Ж.Б. 4. Исабай Т.Б. 5. Дылдабекова А.Т. 6. Ахметова М.М. 7. Джолдасова А.И. 8. Олжабаева А.А. 9. Литвинова Н.А. 10. Байлесова Г.Т.

Жоғарыда аты аталған азаматтарға қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.

Азаматтарды қауіпті вирустың одан әрі таралуын болдырмау және өз денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікпен қарауға және карантиннің барлық шараларын сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939692-nur-sultanda-oqsaulau-rezimin-buzgandar-zauapkersilikke-tartyldy/

pixel