Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда тұрғыны мас күйде дәмхана алдында дәрет сындырып, кассадан 70 мың теңгені қолды қылған (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Елордада мас күйінде жанжал шығарып, дәмханалардың бірінен ақша ұрлады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, түн ішінде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам дәмханаға барып, жанжал шығара бастаған. Сосын мекемеден алыс кетпей, сол жерге дәрет сындырып, содан соң сыртқы есікті теуіп сындырып, мекемеге кірген.

Қазіргі нұсқа бойынша дәмханаға кірген ол кассадан 70 мың теңге ұрлап, із-түзсіз жоғалып кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 150 мың теңгені құрады. Көп ұзамай, тәртіп сақшылары күдіктіні тауып, ұстады.

Ол бұрын да бірнеше рет сотталған болып шықты. Полиция бөлімшесінде болған кезде ер адам қылмысын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарды ластағаны үшін бұзақыға әкімшілік кодекстің 434-2 бабы бойынша 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Полицейлер күдіктінің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939693-damxana-aldynda-daret-syndyryp-kassadan-70-myn-tengeni-qoldy-qylgan-elorda-turgyny-videoga-tusip-qaldy/

pixel