RU

Жел, тұман, көктайғақ: Еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қолшатыр ұстаған қыз бен жігіт
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 30 қазанда ауа райының бұзылу жағдайына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласында 30 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

30 қазанда Ақмола облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Көкшетау қаласында 30 қазанда түнгі уақытта көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с болады деген болжам бар.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында да тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертен тұман болуы ықтимал.

30 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодар қаласында көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңғы уакытта тұман күтіледі.

30 қазанда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939696-zel-tuman-koktaigaq-elimizdin-8-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/