Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бір өңірі "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

30 қазандағы жағдай бойынша, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1607 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласы мен Павлодар облысынан.

Осылайша ел бойынша ауырғандар саны 937 691-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939711-qazaqstannyn-bir-oniri-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel