Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық спорт журналисі коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Спорт
Фото: Kozhakhmet_inside_official

Алматыда белгілі қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин коронавирустан қайтыс болды. Қайғылы хабарды Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

"Алматыдан қаралы хабар келді. Бұрыннан келе жатқан досым әрі әріптесім Евгений Гайдамакин өмірден өтті", - деп жазды Айдын Қожахмет.

Ол марқұммен "Караван" газеті мен "Біздің спорт" сайтында жұмыс істегенін атап өтті.

Сонымен қатар, ортақ достарының көп екенін, бірге жиі футбол ойнағанын, көптеген іс сапарларға барғанын жеткізді.

Айдын Қожахметтің сөзінше, Евгений Гайдамакин соңғы уақытта YouTube желісіндегі Sports True жобасымен айналысқан.

"Коронавирус арамыздан 40-қа толмаған дарынды журналистті алып кетті", - деп сөзін қорытындылады әріптесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939714-tanymal-qazaqstandyq-sport-zurnalisi-koronavirustan-qaitys-boldy/

pixel