RU

Атырауда әйел адам көлігімен 16 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Атырауда көлігімен 16 жасар жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен әйел қолға түсті деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы кеше, 29 қазан күні сағат 21:30 шамасында болған.

Атырау қалалық полиция басқармасына "Өркен" шағын ауданындағы Сатыбалдиев көшесінде BMW маркалы көлігі жол жиегінде кетіп бара жатқан жасөспірім баланы қаққаны жөнінде хабар түсті.

Алайда, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты патрульдік полиция мен жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде 16 жасар жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 1988 жылғы әйел ұсталған.

Ал жол көлік оқиғасынан зардап шеккен жасөспірімнің оң аяғы сынған.

Қазіргі уақытта ол облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Полиция 33 жастағы жүргізуші әйелге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабымен іс тіркеліп, тергеу басталғанын хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939740-atyrada-aiel-adam-koligimen-16-zasar-balany-qagyp-oqiga-ornyna-qasyp-ketti/