Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде полицейлер ауыр халдегі жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері ауыр халдегі жүкті әйелге ауруханаға жетуге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полиция батальонының инспекторлары Қайрат Елубаев пен Айдын Орынғазы қызмет бабымен жүргенде олардың жанына тоқтаған көлік жүргізушісі көмек сұраған.

«Ер адам жүкті әйелінен қан кетіп жатқанын, оны ауруханаға жылдам жеткізе алмай қалам ба деп қорқатынын айтты. Еш ойланбастан біз арнайы жарық шамдарын жағып, жылдамдықты арттырып, ауруханаға бағыт алдық. Азамат әйелімен бірге соңымыздан ілесіп жүрді», - дейді Айдын Орынғазы.

Соңынан белгілі болғандай, жүктіліктің алтыншы айында болған әйел егіз сәбилерді күтіп жүрген. Сондықтан оның жағдайы өте қауіпті болыпты.

Дегенмен полицейлердің жеделдігі мен дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында болашақ ананы ғана емес, оның екі баласын да құтқаруға мүмкіндік туған.

Өз кезегінде ерлі-зайыптылар полицейлерге шынайы ризашылығын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939750-oskemende-policeiler-auyr-xaldegi-zukti-aieldi-auruxanaga-zetkizdi/

pixel