Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 11 жасар бала қарындасын иттен қорғаймын деп өзі таланып қалды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі фото: Pixabay.com

28 қазан күні Павлодар қаласындағы Лесозавод көшесінде жүгенсіз жүрген ит сабаққа кетіп бара жатқан балаларға тап берген. 7 жасар қарындасын қорғаймын деп жанұшырған 11 жастағы ағасының өзі итке таланып қалған, деп жазады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қарындасы мен ағасы сабаққа кетіп бара жатқан кезде алдынан кенеттен көрші үйдің иті шыға келіп, оларға тап берген.

Қарындасын иттен қорғау үшін ұл бала иттен қорықпастан, оны көлегейлепті. Салдарынан ит баланың қолын қауып алған.

Балалар бірден үйлеріне қарай жүгіріп, болған жайт туралы ата-анасына хабарлаған. Олар дереу полиция шақырып, жедел жәрдемнің көмегіне жүгініпті.

Нәтижесінде, иттің иесі анықталып, оған ҚР әкімшілік құқық кодексінің 408-бабы, 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілік артылған. Сондай-ақ, 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды.

Балаға медициналық көмек көрсетіліп, артынша үйіне жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939757-pavlodarda-11-zastagy-bala-qaryndasyn-itten-qorgaimyn-dep-ozi-talanyp-qaldy/

pixel