RU

14 студент уланған: Семейдегі колледж жатақханасында оқыс оқиға орын алды

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Семей қаласындағы Электртехника колледжінің жатақханасында ондаған студент өткір иісті баллонға уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 қазан күні сағат 23.30-да болған. Электртехника колледжінің 4-курс студенті абайсызда жатақхана бөлмесіне өткір иісті баллонды шашып жіберген. Салдарынан 14 студент уланып, көздері қызарып кеткен.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткен. Зардап шеккен студенттер медициналық мекемеге жеткізілді.

«Аталған дерек бойынша Семей қаласы Затон полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939760-14-student-ulangan-semeidegi-kolledz-zataqxanasynda-oqys-oqiga-oryn-aldy/