Елімізде коронавирустан жазылғандардың саны 885 мыңнан асты

Опубликовано:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте 2153 адам коронавирустан емделіп шықты. Қауіпті індет басталған уақыттан бері республика бойынша жазылғандардың саны 885 мыңнан асты деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 500,
  • Алматы қаласы - 294,
  • Шымкент қаласы - 21,
  • Ақмола облысы - 125,
  • Ақтөбе облысы - 27,
  • Алматы облысы - 144,
  • Атырау облысы - 17,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 176,
  • Жамбыл облысы - 9,
  • Батыс Қазақстан облысы - 5,
  • Қарағанды облысы - 243,
  • Қостанай облысы - 12,
  • Қызылорда облысы - 21,
  • Маңғыстау облысы - 152,
  • Павлодар облысы - 251,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 148,
  • Түркістан облысы - 8.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 885 975 адамға жетті.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру қарқыны азая түсті. Өткен тәулікте қауіпті індет 1526 адамнан расталып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939774-elimizde-koronavirustan-zazylgandardyn-sany-885-mynnan-asty/