Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында тас жолда атыс болды: Бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Атырау – Ақтөбе тас жолында атыстан алты адам жараланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция ақпаратынша, оқиға сенбі, 30 қазан кешкі жеті жарым шамасында Сағыз ауылы маңында болған. Бастапқыда алты адамның жараланғаны хабарланды. Олар Сағыз ауылының дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген.

Кейін 36 жастағы ер адамның көз жұмғаны белгілі болды. Оқиғаға қатысты "кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды.

Полиция департаментінің болжамынша, атысқа ауыл тұрғындары арасындағы жанжал себеп болған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Пенжім ауылында болған төбелес пен тәртіпсіздік видеосы тараған болатын. Кадрда елді мекенде тәртіпсіздіктер кезінде әдейі өрт қою жағдайлары да болғаны көрінеді.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 16 жастағы оқушы жараланған. Тексеріс кезінде 9-шы және 10-сынып оқушылары сөзге келіп қалып, төбелес болғаны анықталды.

Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жанжалға қатысушылардың бәрі анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен баланың жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939779-atyrau-oblysynda-tas-zolda-atys-boldy-bir-adam-koz-zumdy/

pixel