RU

Атырау облысындағы атыс: Оқ тиіп жараланғандардың жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысында орын алған атыстан жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер олардың қандай халде екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарақат алғандардың біреуі үйіне жіберілген.

"Бір ер адам Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Қазір ем-дом алып жатыр. Ал үш адам түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды. Олар аурухананың травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауына алынды" , -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында тас жолда атыс болып, алты адам жараланғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейін оқиғадан жарақат алған бір адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939800-atyrau-oblysyndagy-atys-oq-tiip-zaralangandardyn-zagdaiy-belgili-boldy/