Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының ұсталғаны рас па: Құзырлы орган жауап берді

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

БАҚ-та Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қызылорда полиция басқармасының бастығы Н.Ағаділовке қатысты жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол кезекті еңбек демалысында, бүгінгі күні оған қатысты қандай да бір процессуалдық шара қолданылған жоқ", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты кез келген жағдайды сорақылық және оған жол беруге болмайды деп санайтынын, сонымен қатар өз қатарын осындай басшылар мен қызметкерлерден түбегейлі тазарту ұстанымын қолдайтынын атап өтті.

"Қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау жөніндегі кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді", - деп толықтырды құзырлы орган.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939842-qyzylorda-qalasy-policiya-basqarmasy-bastygynyn-ustalgany-ras-pa-quzyrly-organ-zauap-berdi/

pixel