Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

206-ы Алматыдан: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1395 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Алматы қаласы мен Павлодар облысынан, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандар саны келесідегідей:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 151
  • Алматы қаласы - 206
  • Шымкент қаласы - 9
  • Ақмола облысы - 120
  • Ақтөбе облысы - 37
  • Алматы облысы - 86
  • Атырау облысы - 20
  • Шығыс Қазақстан облысы - 95
  • Жамбыл облысы - 7
  • Батыс Қазақстан облысы - 29
  • Қарағанды облысы - 138
  • Қостанай облысы - 115
  • Қызылорда облысы - 26
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 198
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 143
  • Түркістан облысы - 13.

Осылайша ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 940 612-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 730 адам дерттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 46 492 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 412 пациент стационарда, 38 080 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 590 адамның жағдайы ауыр, 149 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939852-qazaqstanda-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel