RU

Коронавирус: Еліміздің бір облысы "жасыл" аймаққа өтті

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректер жаңарды. Оған сәйкес, Алматы облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

1 қарашадағы мәлімет бойынша:

  • "қызыл" аймақта - Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1395 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 940 612-ге жетті.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 730 адам дерттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 46 492 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 412 пациент стационарда, 38 080 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 590 адамның жағдайы ауыр, 149 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939865-koronavirus-elimizdin-bir-oblysy-zasyl-aimaqqa-otti/