Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тонгода пандемия басталғалы бері коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Опубликовано:

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Тонго корольдігінде пандемия басталғалы бері алғаш рет коронавирус жұқтырған адам тіркелді, деп хабарлайды Би-би-си.

Басылымның жазуынша, COVID-19 инфекциясы анықталған науқас Жаңа Зеландиядан келген. Ол коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.

Корольдіктің премьер-министрі Похива Ту'и'онетоаның мәліметінше, осының салдарынан келесі аптада Тонгатапу аралында оқшаулау режимі енгізілуі мүмкін.

Тонга мемлекеті Жаңа Зеландияның солтүстік-батысында орналасқан. Сондай-ақ, бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі алғаш рет тіркеліп отыр.

Ауру жұқтырған адамнан елден шықпас бұрын коронавирус анықталмаған көрінеді.

Корольдікте 100 мың адам өмір сүреді. Олардың тек үштен бірі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.

Басылымның дерегінше, ауру жұқтырған алғашқы адам тіркелгенін естіген жергілікті жұрт жаппай вакцина салдыруда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Индонезия президенті Джоко Видодо бай елдерді коронавирусқа қарсы вакцинаны кедей елдермен бөлісуге шақырған еді.

"Барлығы көмектесті, бірақ менің ойымша, бұл жеткіліксіз. Дағдарыс кезінде пандемияны бірге жеңуіміз үшін кедей елдерге вакцина алуға көмектесуде дамыған елдер көбірек күш жұмсауы қажет", – дейді Джоко Видодо.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939874-tongoda-pandemiya-bastalgaly-beri-koronavirus-zuqtyrgan-algasqy-adam-tirkeldi/

pixel