Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады
Опубликовано:

Биыл қараша айынан бастап Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Министрліктің мәліметінше, 7 қарашадан бастап "Air Astana" әуе компаниясы Embraer Е190-Е2 әуе кемесімен аптасына екі рет бейсенбі және жексенбі күндері Алматы-Баку бағытында ұшуды жоспарлап отыр.
"Сонымен қатар, "Әзербайжан Хава Йоллары" әуе компаниясы 2021 жылғы 6 қарашадан бастап А-319 әуе кемесімен аптасына 1 рейс орындап, сенбі күндері Алматы-Баку бағытында ұша бастайды.
Әзербайжанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Әзербайжанның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты қабылданады", - дейді ведомстводан.
Осы ретте, министрлік рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939879-qazaqstan-men-azerbaizan-arasyndagy-aue-bailanysy-qaita-zandanady/