Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының экс-басшысы жауапқа тартылды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының бұрынғы басшысы Шәкәрім Сейсенбай жемқорлық үшін істі болған адамды балабақша меңгерушісі қызметіне тағайындағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram каналында хабарлады.

"Әкімшілік іс жүргізу материалдарын қарау барысында анықталғандай, Ш. Сейсенбай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Білім басқармасы басшысының лауазымын атқара отырып, балабақша меңгерушісі қызметіне бұрын Қылмыстық кодекстің 176-бабы 3-бөлігінің "б", "г" тармақшалары және Қылмыстық кодекстің 17-бабының 1-бөлігімен (1997 жылғы редакциясында) сотталған азаматты қабылдады.

Еңбек кодексінде көзделген нормаларға сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді. Сонымен қатар, 2020 жылғы қазанда еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады", - деп хабарлады ведомстводан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Шәкәрім Сейсенбай әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шәкәрім Сейсенбай Facebook парақшасында қызметінен кеткенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939897-nur-sultan-qalasy-bilim-basqarmasynyn-buryngy-bassysy-zauapqa-tartyldy/

pixel