Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пенжімдегі жаппай төбелес: Зардап шеккен оқушы палатаға ауыстырылды

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылардың жаппай төбелесінен зардап шеккен бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2005 жылы туған науқас жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Ал 1967 жылы туған науқас хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы жақсарып келеді.

Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалап отыр. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Айта кетейік, 27 қазан күні Алматы облысы Пенжім ауылында 9 және 10-сынып оқушыларының арасында жаппай төбелес болды.

Салдарынан 16 жастағы жеткіншек зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Кейін бұл жайттан тағы бір ер адамның да зардап шеккені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939918-penzimdegi-zappai-tobeles-zardap-sekken-oqusy-palataga-auystyryldy/

pixel