RU

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 500-ге жуық әйел анықталды

Жезөкшелердің ұсталуы
Видеодан кадр: Polisia.kz

Алматыда интимдік қызмет көрсетуге арналған 15 притон жойылды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, демалыс күні рейд жүргізу барысында жезөкшелер мекені Тынышбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен анықталды.

"Жыл басынан бері осындай 15 орын анықталды, ал олардың иелері біле тұра жезөкшелікпен айналысуға орынжайды ұсынғаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ, интим қызмет көрсеткен 484 әйелге әкімшілік шара қолданылды. Көпшілігі қиын жағдайына байланысты жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты" , - дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полиция өкілінің айтуынша, құқық бұзушылар арасында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жиі кездеседі. Олар сот шешіміне сәйкес елден шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939937-almatyda-zezokselikpen-ainalysqan-500-ge-zuyq-aiel-anyqtaldy/