RU

Өскеменде 15 жастағы мектеп оқушысы шұңқырға құлап кетті (фото, видео)

шұңқыр
Оқиға орны. Фото: ШҚО ТЖД

Өскеменде 15 жастағы қыз шұңқырға құлап кетті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.

Оқыс оқиға 30 қазанда күндізгі уақытта Геологическая көшесінде болған.

Оқиға орнына ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған жасағының қызметкерлері жеткен. Олар құтқару арқаны арқылы қызды шұңқырдан шығарып алып, дәрігерлерге берген.

Осыған байланысты ШҚО ТЖД мамандары ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда 11 жасар бала шұңқырға құлап кеткенін жазған едік.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға орнына құрамында 4 құтқарушысы бар 1 бірлік техника жеткен. Құтқарушылар келген бойда шұңқырға түсіп, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен баланы шұңқырдан шығарып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939940-oskemende-15-zastagy-mektep-oqusysy-sunqyrga-qulap-ketti-foto-video/