Алматы қаласында карантин жеңілдеді
Опубликовано:

Алматы қаласында карантин жеңілдеді. 1 қарашадан бастап қалада "қызыл" аймақтың шектеулері алынып, "сары" аймақтың ережелері енгізіледі.
Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
"1 қарашадан бастап Алматыда "сары" аймақ бойынша шектеу шаралары енгізіледі", - деді ол zakon.kz тілшісіне.
Байғабыловтың сөзінше, Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жеке қаулысы шықпайды.
"Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың №47 қаулысын басшылыққа аламыз", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939967-almaty-qalasynda-karantin-zenildedi/