Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Темірхан Досмұхамбетовтің қазасына байланысты жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтің өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

"Темірхан Мыңайдарұлы саналы ғұмырын ел игілігі жолында қызмет етуге арнап, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына зор үлес қосқан тұлға еді. Ол бірқатар жоғары лауазымдарда абыройлы жұмыс атқарып, туризм және спорт, заң шығару салаларының дамуына, елордамыздың көркеюіне бар қажыр-қайратын жұмсады. Кейіннен кәсіпкерлікпен айналысып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне атсалысты.

Білікті басшы, пайым-парасаты биік азамат ретінде әрдайым еселі еңбек етіп, көпшіліктің ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді", – делінген Елбасының жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Темірхан Мыңайдарұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін 73 жасында Туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі, парламент мәжілісінің депутаты болған және өзге де лауазымды қызметтер атқарған Темірхан Досмұхамбетовтің өмірден өткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940006-elbasy-temirxan-dosmuxambetovtin-qazasyna-bailanysty-otbasy-men-tugan-tuystaryna-konil-aitty/

pixel