Елімізде алдағы үш күнде 20 градусқа дейін аяз күтіледі
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, 2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Жауын жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Одан бөлек, екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. Артынша, суық солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы едәуір төмендеуі мүмкін.
Мәселен, солтүстік-батыста түнде 5-15 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10-20 градусқа дейін, оңтүстікте 3-13 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 градусқа дейін аяз күтіледі.
Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940010-elimizde-aldagy-us-kunde-20-gradusqa-deiin-ayaz-kutiledi/