Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында тас жолда жеті көлік соқтығысты

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында жеті көлік соқтығысып, төрт жолаушы оның ішінде тоғыз жастағы бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Біржан сал ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 186 шақырымында жол апаты болғаны туралы телефон хабарламасы түскен.

"Алдын-ала ақпарат бойынша Toyota Camry жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғыны Петропавл бағытында келе жатып, орталық қисық сызықты білеуді соғып кеткен. Жол апаты салдарынан әртүрлі маркадағы жеті көлік соқтығысқан. 4 жолаушы оның ішінде 9 жасар бала түрлі дене жарақатымен Бұланды ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушілері алкогольдік сусын ішпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940016-aqmola-oblysynda-tas-zolda-zeti-kolik-soqtygysty/

pixel