Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Тұман11
Тұманды Алматы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер 2 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Нұр-Сұлтанда 2 қарашада кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының солтүстік-шығысында жел батыстан соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

2 қараша күні күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, күші облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, бұрқасын, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жел сақталады.

2 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында күші 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940034-tuman-koktaigaq-zel-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel