RU

Алматыда үш адам пышақ ұстап, көліктердің үстінде секірген

Аязда қалған көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда пышақ ұстаған үш адам көліктердің төбесіне шығып секірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға "Ақбұлақ" шағын ауданында болды.

Үш жас жігіт көліктің төбесіне шығып алып секірген. Оларға ескерту жасағандарға пышақ көрсеткен. Оның арты төбелеске ұласты.

"Бұзақылардың бірін полицейлер ізін суытпай ұстады. 19 жастағы күдікті мас болды. Сонымен қатар, ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Тәртіп сақшылары оқиға орнын қарау барысында үш пышақ тапты. Заттай дәлелдер іс материалына тіркелді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында жаяу жүргіншілер өткелінде көліктердің үстіне мініп жүгірген пранкер ұсталғанын жазған едік. Ер адамға әкімшілік хаттама толтырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940035-almatyda-us-adam-pysaq-ustap-kolikterdin-ustine-sekirgen/