RU

Елімізде бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны бірден азайды

көше
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандарға қатысты мәліметті жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1181 қазақстандықтан COVID-19 анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 145
  • Алматы қаласы - 145
  • Шымкент қаласы - 19
  • Ақмола облысы - 118
  • Ақтөбе облысы - 10
  • Алматы облысы - 89
  • Атырау облысы - 19
  • Шығыс Қазақстан облысы - 64
  • Жамбыл облысы - 13
  • Батыс Қазақстан облысы - 9
  • Қарағанды облысы - 131
  • Қостанай облысы - 79
  • Қызылорда облысы - 15
  • Маңғыстау облысы - 4
  • Павлодар облысы - 168
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 137
  • Түркістан облысы - 16.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 941 793-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар, 1853 адам дерттен сауығып шыққан.

2 қарашадағы мәлімет бойынша 45 777 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 8 268 пациент стационарда, 37 509 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 540 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 1 қарашадағы мәліметке сәйкес, 1395 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940038-elde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-birden-azaidy/