Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туысы орынсыз әзілдеген Алматы облысының тұрғыны ауруханадан бір-ақ шықты

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Алматы облысында туысының орынсыз әзілдеуі салдарынан 42 жастағы ер адам ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қазан күні Қаскелең қаласының ауруханасына Абай ауылының 42 жастағы тұрғыны "Кеуде қуысының сол жақтағы пышақ және кесілген жарақаты" диагнозымен түскен.

Оқиға орнына аттанған жедел-тергеу тобы зардап шегушінің туысы болып келетін 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Күдіктінің сөзінше, екеуі бір жарым бөтелкеден астам алкоголь ішіп болған кезде ол ағасының әйелі дәстүрлі емес жыныстық ұстанымдағы адаммен танысқанын айтып, әзілдеген.

Ашуға булыққан зардап шегуші туысының басынан орындықпен ұрған. Жауап ретінде күдікті жәбірленушіні итеріп жіберген. Осылайша, ер адам металл қалдықтарына кеудесімен құлаған.

Салдарынан зардап шегушінің денсаулығына ауыр зиян келген.

Аталған факті қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, күдіктінің түсініктемесі тексерілуде. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1940077-tuysy-orynsyz-azildegen-almaty-oblysynyn-turgyny-auruxanaga-tusip-qaldy/

pixel