RU

Жартылай жалаңаш африкалықтар Ақтау әкіміне қызғалдақтар үшін алғыс айтты (видео)

1
Видеодан кадр: ZTB

Әлеуметтік желіде жартылай жалаңаш күйде ағаш түбінде билеген африкалықтардың видеосы тарады. Олар Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбайға қызғалдақтар үшін алғыс айтады.

ZTB Telegram парақшасында жарияланған видеода африкалық жігіттер "Нұрдәулет Қилыбай, қызғалдақтар үшін рахмет" дейді де, оның суретін сүйіп, Наташа Королеваның "Желтые тюльпаны" әніне билей бастайды.

Видеода қыркүйек айында Ақтау қаласында орнатылған пластик қызғалдақтар жайлы сөз болып отыр.

15 млн теңгеге егілген гүлдер алқабы қала тұрғындарының наразылығын тудырған еді.

Араға екі апта салып, "Гүл алаңы" құлай бастаған. Ал Ақтау әкімі келісімшартта басқа эскиз көрсетілгенін айтты.

Қала әкімдігінің ақпарынша, гүл алқабы Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ мен "Clever media group" ЖШС арасында Ақтау қаласын көркемдеп жарықтандыру бойынша шарт негізінде жасалған.

Шарт талаптарында мердігер бірнеше объектіні орнатуға тиіс екені жазылған, атап айтқанда:

  • "Жұлдызды аспан" декоративтік жарықтандыру инсталляциясы (ұзындығы - 50 метр) - 13,2 млн теңге;
  • "Гүл алаңы" декоративтік жарықтандыру инсталляциясы (200 шаршы метр) - 15,4 млн теңге;
  • "Трио әткеншегі" декоративтік кіші сәулет нысаны - 4 560 415 теңге;
  • "Қазіргі заманғы киіз үй" декоративтік кіші сәулет нысаны - 5 578 000 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940100-zartylai-zalanas-afrikalyqtar-aqtau-akimine-qyzgaldaqtar-usin-algys-aitty-video/