Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің екі өңірінде мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келген

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Patrul.kz

Қостанай және Ақмола облыстарының мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерінің теориялық емтихандарын тапсыртпай-ақ, тестілеуден өткені туралы бланкілер берумен айналысқан. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram каналында хабарлады.

"Азаматтар үшін емтихандарды сәтті тапсыруды арнайы дайындалған жасанды тұлғалар жүзеге асырды.

Мысалы, Ақмола облысында бұл үшін емтихан компьютерлеріне қашықтан қол жеткізу қолданылған. Қостанай облысында медициналық бетперде мен қалпақ киген жасанды тұлғалар тесттерді тікелей емтихан сыныбында тапсырды.

Тергеу барысында мыңнан астам жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілері тексеріліп, ЖҚЕ теориялық емтиханнан сәтті өткені туралы жалған емтихан анықтамалары алынды", - деп хабарлады ведомтводан.

Агенттік мұндай қылмыстар азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

"Биыл наурыз айында Қостанай қаласында "М" азаматы көлік құралын басқара отырып, жол жүру ережелерін өрескел бұзып, "С" азаматының басқаруындағы "Toyota Самrу" автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан көліктерге айтарлықтай зиян келді.
Тергеудегі ақпаратқа сәйкес, "М" азаматы теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәлігін алған", - деді ведомство.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында тексерулер жүргізілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940107-elimizdin-eki-onirinde-mamandandyrylgan-xqko-da-zurgizusi-kualigin-zansyz-berip-kelgen/

pixel