Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанмен арадағы тұрақты әуе рейстері қайта ашылатын болды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үндістанмен арадағы тұрақты әуе рейстері қайта ашылатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат етілді" делінген хабарламада.

2021 жылғы 15 қарашадан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940108-undistanmen-aradagy-turaqty-aue-reisteri-qaita-asylatyn-boldy/

pixel