RU

Қарағандыда компания директорын белгісіз біреу атып кетті

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды қаласында ер адам тапаншамен ЖШС директорын атып кетті. Оқиға 27 қазан күні болған деп жазады Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, 27 қазанда полиция бөліміне сауда кәсіпорындарының бірінде жанжал шығып, қару қолданылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына тәртіп сақшыларының бірден барғаны белгілі болды. Онда ЖШС-нің 30 жастағы директоры бір кісімен арада жанжал шыққанын айтқан.

Қақтығыс кезінде қаскүнем "Оса" травматикалық тапаншасынан оқ атады. Жарақат алған ер адам медициналық көмекке жүгінген, бірақ ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Полиция қызметкерлері ізін суытпай 29 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ер адам кінәсін мойындап отыр.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("Қаруды заңсыз сақтау немесе ұстау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940111-qaragandyda-kompaniya-direktoryn-belgisiz-bireu-atyp-ketti/