Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да екі ай бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам дін аман табылды

Опубликовано:

ШҚО
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

ШҚО-да екі ай бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазір республика бойынша "Учаске" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның аясында полицейлер шаруа қожалықтарын тексереді.

Осындай күндердің бірінде ШҚО полицейлерінің жұмысы оң нәтиже берді. Жарма ауданындағы фермалардың бірін тексеру барысында тәртіп сақшылары екі ай бойы жоғалғандар тізімінде тұрған 45 жастағы ер адамды тапты.

Ол телефонын жоғалтып алған екен. Азамат өзін туыстары іздеп, алаңдап жатыр деп ойламаса керек. Қазіргі уақытта ол туыстарының қасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 32 жастағы келіншек елордадан табылған еді. Ол үйінен не себепті кеткенін түсіндіруден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940136-sqo-da-eki-ai-buryn-iz-tuzsiz-zogalgan-er-adam-din-aman-tabyldy/

pixel