Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да бойжеткеннің төрт тісін сындырған ер адам 300 сағаттық жұмысқа жегілді

Опубликовано:

Жұдырық түйген жігіт
Көрнекі фото: pexels.com

ШҚО-да танысының төрт тісін сындырған ер адам сот алдына келді, деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Мекеменің мәліметінше, ер адам досы және таныс қызбен бірге дастархан басына жиналып, ішімдік ішкен.

Содан кейін ол бойжеткеннен пәтерден кетуін сұраған, өйткені кешке шақырылған басқа қыздар келуі керек болған екен.

Алайда танысы қарсылық танытқан, сөйтіп ашуға ерік берген ер адам қыздың бетінен екі рет жұдырығымен ұрған. Салдарынан оның төрт тісі түсіп қалған.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бұл әрекеті үшін сот алдында жауап беріп, жазасын 300 сағат қоғамдық жұмыс істеп, өтуге міндеттелді.

"Сотталған ер адам пробация қызметінің есебіне алынды. Ол жергілікті атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды істеуге жіберіліп, күніне төрт сағат бойы қоқыс шығаруға тартылады. Оның тәртібі мен жұмысы тұрақты бақылауда болады", – дейді пробация қызметінің басшысы Жанболат Кеңесханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940192-sqo-da-boizetkennin-tort-tisin-syndyrgan-er-adam-300-sagattyq-zumysqa-zegildi/

pixel