Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарды қараша айында не күтіп тұр: Отандық астролог болжам жасады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Танымал отандық астролог Ирина Әбдірайымова қараша айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Наразылық 

Оның болжамынша, қараша айының басында міндетті вакцинация талабы қоғамда наразылық көңіл-күйді күшейтеді.

Халықаралық деңгейде азық-түлік, шикізатты елге әкелуге шектеу енгізу немесе көлемін ұлғайту туралы келісімшарттарға қол қойылуы ықтимал.

"Жаһандық жылыну мәселесі қайта қозғалады. Шарықтап кеткен газ бағасы тұрақтанады деген болжам бар", - деді Әбдірайымова.

Астролог 19 қарашада адамдар Ай жартылай тұтылуына куә болатынын жеткізді. Оның сөзінше, астрономиялық құбылыс Торпақ-Сарышаян белгісінде өтеді.

"19 қараша мен 4 желтоқсан аралығында біз тұтылу дәлізіне кіреміз. Тұтылу дәлізі – Ай мен Күннің тұтылуы арасындағы кезең. Тұтылудың негізгі энергиясы – шектен тыс оптимизм, іс-қимылға, әрекет етуге құлшыныс", - деді маман.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бірінші қарашадан бастап елімізде не өзгеретінін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940210-qazaqstandyqtardy-qarasa-aiynda-ne-kutip-tur-otandyq-astrolog-bolzam-zasady/

pixel