Коронавирус: Еліміздің тағы бір облысы "жасыл" аймаққа өтті
Опубликовано:

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қызылорда облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.
3 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
- "қызыл" аймақта - Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- "сары" аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары;
- "жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.
Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1312 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған еді. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 943 105-ке жетті.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 2589 адам дерттен жазылып, тағы 19 адам көз жұмған.
3 қарашадағы мәлімет бойынша, қазір 44 412 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 7 982 пациент стационарда, 36 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы 528 адамның жағдайы ауыр, 164 пациенттің жағдайы өте ауыр, 109 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940245-koronavirus-elimizdin-tagy-bir-oblysy-zasyl-aimaqqa-otti/