Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қылмыстық топ құрамына кірген бұрынғы полицей сотталды

Опубликовано:

Кадр
Көрнекі фото: zakon.kz

Түркістан облысының үш тұрғынына қатысты қылмыстық процесс аяқталды. Айыпталушылар қатарында полицияның бұрынғы аға сержанты да бар. Күдіктілерге алдын ала сөз байласып, төрт сиыр ұрлады деген айып тағылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Отырар аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Үкімде үш ер адамның Арыс қаласының тұрғыны екені айтылады.

Олар сиыр қорасы ауыл шетінде орналасқан көршілес Шайманов ауылының тұрғынын нысанаға алған.

Сыбайластар "ГАЗель" жүк көлігін жалдап, биыл 6 қаңтар күні түнде тұрғынның қорасынан төрт сиыр ұрлап кеткен. Жалпы шығын көлемі 1,6 млн теңгені құраған.

Алайда үй иелері мал ұрланғанын дер кезінде біліп, полицияға хабар берген екен. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде ұрланған сиырлар салынған көлік пен үш барымташы қолға түскен.

Мал иелеріне қайтарылған. Ал факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот кезінде айыпталушылар кінәсін толық мойындап, істеген істеріне өкінген. Судья үкімді жұмсартатын және қатаңдататын мән-жайларды ескеріп, оларды үш жылға бас бостандығынан айырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940265-turkistan-oblysynda-qylmystyq-top-quramyna-kirgen-policei-sottaldy/

pixel