RU

Алматыдағы "Целинный" кинотеатры сүрілмейтін болды

Целинный
Фото: almaty.tv

Алматыдағы "Целинный" кинотеатры сүрілмейтін болды. Қазір ғимаратты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы "Целинный" заманауи мәдениет орталығы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде кинотеатрдың сүрілетіні хабарланған еді. Алайда орталық мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Одан бөлек, биыл 2018 жылы жарияланған "Целинный" кинотеатрын қалпына келтіру жұмыстары басталған.

"Содан бері жобалық жұмыстар өткізіліп, техникалық тексерулер жүргізілді. Қаланың қоғамдық кеңесімен кездесу өтті. Жоба 2020 жылдың маусым айында қоғамдық тыңдауға ұсынылды. Нәтижесінде ғимараттың тарихи келбетін барынша сақтау үшін қасбеттің сәулеттік жобасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Соңғы 50 жылда сейсмикалық төзімділіктің заманауи стандарттары бірнеше есе өскендіктен, беріктік жағынан жұмыстар жүргізу қажет. Біз ғимараттың жалпы пішінін, тірек конструкцияларын, іргетасын және Евгений Сидоркин панносын сақтап қаламыз", - дейді орталық.

Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген соң ғимарат заманауи әрі технологияларға сай болады деп күтілуде. Дегенмен, тарихи келбеті сақталады.

Қолға алған жұмысты жоғары деңгейде орындау үшін үздік отандық және шетелдік мамандар тартылған. Сондай-ақ, қалпына келтіру жұмыстары аясында ғимарат маңы аббаттандырылады.

"Бұл орын тек аудан үшін ғана емес, бүкіл қала үшін жаяу жүргіншілердің серуендейтін жеріне айналады. 2022 жылы ашылуы өткеннен кейін "Целинныйда" көрме, балалар мен ересектерге, кәсіби мамандар мен басқа да аудиторияға арналған танымдық ісс-шаралар ұйымдастырылады. Мүмкіндігі шектеуді жандар үшін инклюзивті бағдарлама іске қосылады", - дейді "Целинный" заманауи мәдениет орталығының директоры Джама Нұрқалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940281-almatydagy-celinnyi-kinoteatry-surilmeitin-boldy/