Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сбербанк өзінің мерейтойын атап өту аясында қазақстандықтарға сыйлықтар тарту етеді

Опубликовано:

Сбербанк
Фото: Сбербанк

Биыл Сбербанк екі бірдей мерейтойын атап өтеді – Ресейде қаржы институтының негізі қаланған сәттен бастап 180 жыл және Қазақстанда жұмыс істеп жатқанына 15 жыл. Банк өзінің мерекелік күндеріне орай қазақстандықтар үшін бірқатар іс-шаралар мен ауқымды әлеуметтік жобалар ұйымдастырады.

«Сбербанк» АҚ ЕБ Қазақстанда өз қызметін 2006 жылдың соңында бастады. Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан – нарықтағы көшбасшылардың бірі және Қазақстандағы үздік-10 ЕДБ арасында көшбасшылық позицияны тұрақты түрде ұстап тұр.

Банктің республикамыз бойынша бірқатар филиалдық желісі бар, ал жылдар бойғы өзінің сәтті түрде жүзеге асырған қызметі барысында ең ірі деген салық төлеушілердің қатарына енді. Мысалы, тек 2020 жылдың өзінде салықтық аударымдар 20 млрд теңгеден астам соманы құраса, ал осы жұмыс істеген барлық жылда 140 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Сбербанк банктегі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының аясында балалар үйіне, ардагерлерге, мүгедектер ұйымдарына, қарттар үйіне және бірқатар қоғамдық қорларға тұрақты негізде қайырымдылық көмегін көрсетуде, экологиялық және әлеуметтік маңызы зор жобаларға демеуші ретінде қолдау білдіріп келеді.

2021 жылдан бастап қайырымдылық жобаларға жұмсалған жалпы сома 110 млн теңгеден астам соманы құраса, ал 15 жылда 400 млн теңгеден астам соманы құрап отыр.

Сбербанк Қазақстан елдегі экономиканың дамуына, бизнесті қаржыландыруға және адамдардың әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосты.

Банк 15 жылдық мерейтойын акциялар мен әлеуметтік жобалар өткізе отырып атап өтеді. Өткізілетін іс-шаралар жасалған тұжырымдардың аясында өткен шақты, осы шақты және болашақты біріктіретін үш кезеңге бөлінеді.

Сбербанк жай ғана дәстүрлі қаржы институты емес. Сбербанк экожүйені дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаруда, экожүйені өзінің клиенттері үшін барынша қолайлы сервистермен, өнімдермен толықтырды. Сбербанк Қазақстан туған күніне орай өзінің ары қарай ілгері дамуының сандық түрлендіруі мен стратегиясын алға тарта отырып, бренд атауы мен логотипін өзгертеді.

«Адамдардың көңіліне сенімділік ұялату, өмірлерін жақсарту, арман-мақсаттарына жетуге қол ұшын созу Сбербанктің міндеті болып табылады. Сбербанк осы жылдары классикалық банктен белгілі банктік өнімдер мен банктік емес саладағы қызметтерді қамтитын өзінің экожүйесі бар компанияға айналды. Мерейтойымызды атап өту барысында қазақстандықтарға сыйлықтар тарту етіп қана қоймай, клиенттерімізге, серіктестерімізге және қызметкерлерімізге олардың жасаған таңдаулары мен артқан сенімдері үшін алғыс білдіреміз», - деді Сбербанк Қазақстанның Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.

Мәдени шаралар, бірегей шоу-бағдарламалар, флэшмобтар, сондай-ақ әдетке айналған қайырымдылық бастамалары және эко-сенбіліктер, ағаш отырғызу және тағы да басқа шараларды қамтитын жасыл жобалар сияқты сан алуан іс-шаралар еліміздегі барлық өңірлерде өткізіледі.

Сбербанк өзінің мерейтойын атап өту аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық бақтың аумағында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивтік алаңның құрылысын бастады. Аталған алаң астанамыздағы ең үлкен алаңдардың бірі болмақ, оның ауданы 1200 шаршыдан астам көлемді құрайды. Алаң вестибулярлық және есту аппараттарын, қозғалыс координациясын және жанасу сезімдерін дамытуға бағытталған ойын элементтерімен жабдықталады. Арнайы жасалған жағдайлар қозғалысы аз балаларға кедергісіз қимылдауға мүмкіндік береді.

Банктің барлық клиенттеріне арналып әлеуметтік акциялар, ұсыныстар мен ұтыс ойындары өткізіледі. «Сбербанк 180» акциясының аясында екі апта сайын банк клиенттерінің арасында 150 құнды сыйлықтың бірін ұтып алу ойындары өткізілуде, басты сыйлық – Toyota Land Cruiser 300 автомобилінің жаңа моделі, ол барлық қатысушылардың арасында 12 қараша күні ойнатылады.

Сбербанктің жеке және корпоративтік клиенттеріне арналған арнайы ұсыныстарға қатысты айтатын болсақ, бүгінгі күнде бар артықшылықтардан бөлек, банктің қызметтері мен сервистерін мерейтой атап өтілетін жылы пайдалану ерекше тиімді болмақ.

Сонымен қатар банктің клиенттері «Оқиғалар байқауына» қатыса алады, ол бойынша клиент Сбербанк брендімен байланысты басынан өткен оқиғамен бөліседі және құнды сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Есімі әлемге әйгелі әнші Димаш Құдайбергеннің Қазақстандағы Сбербанктің бренд-амбассадоры атанғанын естеріңізге саламыз.

Жаңалықтарды, барлық акциялар мен іс-шаралар бойынша аңдатпаларды Сбербанктің ресми сайтынан, сондай-ақ арнайы мерейтойға арналып жасалған сайтынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940331-sberbank-ozinin-mereitoiyn-atap-otu-ayasynda-qazaqstandyqtarga-syilyqtar-tartu-etedi/

pixel